Нұрболат Айдапкелов 2020 жылы қазанда Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Нұрболат Айдапкелов 2020 жылы қазанда Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.