Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

0
1 267

Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа елшілер өз қызметіне кірісті.


Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен, Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Нажмедин Мұхаметәлі Оман Сұлтандығындағы, Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Индонезия Республикасындағы, Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан және Ержан Серікұлы Мұқаш Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.