Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

0
672

Жануарларға қатыгездікпен қарау әрекеттерін бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да жолдар арқылы насихаттауға тыйым салынады.


Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп

хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.