Тоқаевтың тапсырмасы: мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қаншаға өседі

0
668

Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырды.


Тоқаевтың тапсырмасы: мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қаншаға өседі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметшілер санын қысқартқаннан кейін, төмен буындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 15 процентке көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, бизнес процестерді жеңілдету және автоматтандыру жолымен мемлекеттік органдарда штат саны оңтайландырылады. Бірқатар басқару тобын қысқарту ұсынылмақ.

"Төмен буындағы қызметкерлер жалақысының көтерілуі ынталандырушы фактор болмақ. Былтыр олардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Штат санын оңтайландырудың арқасында, жалақы орташа есеппен тағы 15 процентке артады", - деді Дәленов үкімет үйінде өткен брифингте.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырған болатын.
Оған сәйкес, биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартылады. Осылайша шенеуніктердің 25 проценті қысқартылып, үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.