Толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Сахара шөлінің бір бөлігін су басты

0
259

NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған.


Толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Сахара шөлінің бір бөлігін су басты

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Толассыз жауған нөсер жауыннан Сахара шөлінің бір бөлігін су басқан, деп жазады inform.kz.

Марокко үкіметінің хабарлауынша, қыркүйектегі екі күн толасыз жауған жаңбырдың мөлшері жылдық жауын-шашын деңгейінен асып кеткен. NASA спутниктері 50 жыл бойы кеуіп тұрған әйгілі Ирики көлінің қалай толғанын да түсіріп алған.

«Осындай қысқа мерзімде жауын-шашынның осыншама көп жауғанын көргенімізге 30-50 жыл болды», - деді Марокко Метеорология басқармасының қызметкері Хуссин Юабеб.

Метеорологтар сыртқы тропикалық дауыл деп атайтын мұндай жаңбыр алдағы айлар мен жылдарда аймақтың ауа райын өзгертуі мүмкін.

Бір айта кетерлігі, жауын-шашын Марокко мен Алжирдегі 20-дан астам адамның өмірін қиып, шаруашылық жерлерге зақым келтірген.