«Томирис» фильміне қанша қаражат жұмсалғаны айтылды

0
1 297

Фильм 27 қыркүйектен бастап прокатқа шығады.


«Томирис» фильміне қанша қаражат жұмсалғаны айтылды

ERNUR.KZ. «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Арман Әсенов «Томирис» тарихи туындысына бюджеттен қанша қаржы жұмсалғанын айтты, деп жазады baq.kz.

«Фильмнің бюджеті 10 миллион долларға жетпейді. Қазақстанда бюджетпен теңгемен есептеледі. Нақтырақ айтсақ, 3 миллиард теңгеге жуық. Киноның бюджеті аса көлемді емес. Бірақ осы фильмнің түсірілуіне жұмсалған бюджет қаржысы әлемдік прокатта қайтатынына кепілдік береміз. Кино – бұл бизнес емес, салынған ақша бірден өз-өзін ақтамайды. Кино көп ақшаны талап етеді, алайда ол адамдардың қызығушылығы арқылы қайтады. Біздің мәденеиетімізді көрсететін киноны қандай да бір қаржымен салыстыруға келмес. Біз болашақ ұрпаққа өзімізді, тарихымызды көрсетуге тырысып жатырмыз», - деді Арман Әсенов.

Ауқымды тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Sataifilm» компаниясы бірлесе түсірген. Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева.

«Кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың атын аңызға айналдырған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады», - деді фильм режиссері Ақан Сатаев.

Фильм 27 қыркүйектен бастап прокатқа шығады. «Томирис» рөлін бұрын-сонды киноға түспеген Альмира Тұрсын сомдайды.