Сотталғандар әншіге өз қолымен жасаған кәдесыйларын тарту етті.
© Foto : пресс-служба Комитета УИС МВД РК
ERNUR.KZ. Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды. Ол әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп жазады sputniknews.kz қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЛА-155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғыс айтып, өз қолдарымен жасаған кәдейсыйларын тарту етті.
"Сотталғандардың көпшілігі теледидардан көріп, әндерін тыңдап жүретін әншіні көреміз деп күтпеген еді. Оған алғысымыз шексіз", - деді ЛА-155/8 түзету мекемесінің басшысы.
Қазақстан колонияларында жыл саын Жеңіс күні аталып өтеді. Биыл Павлодар облысында 300 жазасын өтеуші алғаш рет "Жаужүрек полк" шеруіне қатысты.