Алексей Ждахин өскемендік жанкүйерлерге кеңінен танымал.
ERNUR.KZ. Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері болып Алексей Ждахин тағайындалды. Ол командамен 2016/2017 маусымында жұмыс істеген, деп жазады ҚазАқпарат.
Алексей Ждахин өскемендік жанкүйерлерге кеңінен танымал. Оның басшылығымен клуб екі рет Жоғары хоккей лигасының (2015, 2016) жартылай финалына шығып, 2015/16 маусымының біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті.
«Торпедо» Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) тұрақты чемпионатында жеңіске жетіп, Братина кубогының (2016/2017) финалына жолдама алған еді. Бұл команданың ЖХЛ-де өнер көрсеткен уақыт ішінде ең үздік жетістігі болды.