Профессордың еңбекақысы 267 754 теңгеден 435 373 теңгеге дейін өсті, енді ЖОО доценті 243 451 теңге емес, 395 855 теңге алады.
ERNUR.KZ. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары білім беру ұйымдарында оқытушылардың лауазымдық еңбекақы коэффициенті екі есеге артты. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуінде хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Еңбекке ақы төлеудің жаңа ережелері төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қолданылады, олар: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық өнер университеті; Қазақ ұлттық хореография академиясы", - делінген мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Айта кетері, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында МСМ мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.