"Төртінші кезеңде өмір сүріп жатырмыз" - сейсмолог Алматыдағы жер сілкіністері туралы

0
659

Болжам бойынша 2026 жылы аяқталатын сейсмикалық белсенділіктің төртінші кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.


ERNUR.KZ. Қырғызстанның Сейсмология институты директоры Қанат Абдрахматов Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдер туралы зерттеуді жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Абдрахматов Facebook-те жер сілкіністерінің өз жиілігі бар екенін айтты.

"Бұл кезеңдер жергілікті, Тянь-Шань кезеңділігіне де әсер етеді. Суретте жиырмасыншы ғасырда және жиырма бірінші ғасырдың басында Тянь-Шаньдағы негізгі сейсмика көріністері көрсетілген. Бұл ғылым докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтында ұзақ жылдар жұмыс істеген ғалым, марқұм Э.М. Мамыровтың деректері бойынша" , - деп жазды сейсмолог.

Фото:


Қызыл түс қуатты жер сілкінісі болған кезеңдерді, жасыл түс – тыныштық болған кезді көрсетеді. Бұл ретте Абдрахматовтың айтуынша, тыныштық кезеңі жер сілкінісі мүлдем болмаған дегенді білдірмейді. Олар болды, бірақ орташа, олардың қарқындылығы 5-6 баллдан аспаған.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, қазір 2008 жылы басталып, біздің болжамымыз бойынша 2026 жылы аяқталатын сейсмикалық белсенділіктің төртінші кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, Э.М. Мамыровтың есептеулері бойынша, қазір белсенді кезеңде жер сілкінісінің күші 5-6 баллдан аспауы керек еді. Бүгінгі күнге дейін бұл болжамдар орындалған. Біздің күткенімізден асқан жалғыз оқиға 23 қаңтардағы Қытай жер сілкінісі болды", - деп жазды сейсмолог.

Еске салайық, соңғы рет Алматыда 4 наурызда таңертең 5 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды. Негізгі дүмпулерден кейін қала тұрғындары тағы бірнеше рет дүмпулерді сезді.