Төсек қатынасында көз жұмды: 19 жастағы теміртаулық жігіт жезөкшені өлтіріп алды

0
7 647

Жігіт "қызыққа батып жатқан уақытта" жеңіл жүрісті қыздың жүрегі қалай тоқтағанын да аңғармай қалыпты.


Төсек қатынасында көз жұмды: 19 жастағы теміртаулық жігіт жезөкшені өлтіріп алды

ERNUR.KZ. 19 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны жезөкшені жыныстық қатынас кезінде абайсызда тұншықтырып өлтірген, деп жазады kaz.nur.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, оқыс оқиға осы жылдың мамыр айында орын алған. 19 жастағы жігіт "қыз жалдау" туралы шешім қабылдапты.

Ол интернет арқылы "ойындағасын" тапқан. Жеңіл жүрісті қыздың қызметін сағатына 25 мың теңгеге ұсынғаны белгілі болды. Жігіт алпыс минутқа келісіп, көрсетілген мекен жайға қарай барады.

Кейінірек ол тағы бір сағаттық қызмет алатынын білдіріп, жезөкшеге барлығы 50 мың теңге төлеген.

"Қызмет көрсету кезінде" жеңіл жүрісті ару төсек қатынасын түрлі әдістен жалғастыруды ұсыныпты.Тергеу мәліметтері бойынша, ол аутоасфиксия элементтерімен, яғни тыныс алуды басқаратын эротикалық тәсілмен жалғастырғысы келген. Сексуалдық белсенділік кезінде клиент қолымен оның тамағын қыса бастайды, содан кейін қыздың талабы бойынша өзінің белбеуі бар әмиянын қолданған.

Белбеуді мойына тағып, жігіт "қызыққа батып жатқан уақытта" жеңіл жүрісті қыздың жүрегі қалай тоқтағанын да аңғармай қалыпты.

Содан кейін ол төсек үстелінің үстіндегі 50 мың теңге мен марқұмның ұялы телефонын алып пәтерден кетуге асыққан. Қолға түскен уақытта жігіт кінәсін мойындамағаны белгілі болды.

Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы қазылар алқасының қатысуы туралы ниет білдірді. Оған бірден Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: "Кісі өлтіру" және "Ұрлық".

Сот отырысы барысында кісі өлтіру айыбы "Абайсызда өлімге алып келу" бабына өзгертілген. Жәбірленуші тарап одан материалдық шығын үшін 380 мың теңге және моральдық шығын үшін 10 миллион өтемақы өндіріп беруді сұрады.

Алқабилер сотталушыны айыпталған баптар бойынша кінәлі деп тапты. Ол ең төменгі қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот сонымен бірге жәбірленуші тараптың талаптарын ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан 3 миллион 250 мың теңге өндіріп алды. Сондай-ақ, жігіттен 1,4 млн.теңге көлеміндегі процессуалдық шығындар өндірілгені де айтылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.