Тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталады

0
1 586

Қазақстанға Ресейден тұмау “келе жатыр”


Тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталады

ERNUR.KZ. Қазақстанда күз және қыс мезгілдерінде тұмау тарауы мүмкін, деп жазады altaynews.kz.

Тұмау вирустары Ресейден таралып жатыр екен.

Ауру түрімен күресу үшін миллиардтан астам теңгеге, Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің мәліметінше, голландиялық және ресейлік вакцина сатып алынған. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұмаудың аса қауіпті екендігін айтып отыр.

Сондай-ақ, ол жаппай вакцинациялау жұмысы 1 қазанда басталатындығын да айтты. Екпе балаларға, медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызметкерлерге тегін жүргізіледі. Ал өзгесіне ақылы түрде болмақ.

"Бүгін созылмалы аурумен ауыратын адамдарға тегін егуді бастаймыз", деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, орта есеппен Ресейлік вакцина – 1600 теңге, голландиялық «Инфлювак» вакцинасы 2800 теңге тұрады.

Айта кетейік, жұма күні осы мәселеге қатысты Астанада тағы бір жиын өтеді. Сонда аурудан сақтанудың жолдары толықтай айтылатын болады.