"Тұңғыш баласы": Атырауда төрт айлық баласын өлтірген әйелдің көршілері күдікті туралы айтты

0
513

42 жастағы күдікті қазір психолог мамандардың да бақылауында.


ERNUR.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданында төрт айлық нәрестені өз анасы өлтірді. Шақалақты шыңғыртып пышақтап жатқанын байқап қалған көршісі полицияға хабар берген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сәбидің кеудесіне суық қарумен бірнеше рет соққы жасаған әйел қазір тергеліп жатыр.
Тәртіп сақшылары нәрестенің мүрдесін тапқан бойда әйелді ұстап әкетті. Ол кезде үйдің отағасы жұмыста еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, шейіт болған сәби олардын тұңғышы екен. 42 жастағы күдікті қазір психолог мамандардың да бақылауында. Дәрігерлердің пайымынша, ол босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырауы мүмкін. Туған шешесінің қолынан өлген қыз баланы бүгін ағайын-туысы жер қойнына тапсырды.
- 26 сәуірде Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында дене жарақатымен төрт айлық нәрестенің мүрдесі анықталды. 1979 жылы туған күдікті анықталып, ҚПК 128-бабының талабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.