ТҮРКІСТАН: Кентауда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

0
1 054

Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген игі шарада киіз үй тігіліп, көпшілікке ұлттық тағамдар ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысы, Кентау қаласында Наурыз мерекесінде «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында қала әкімі Жандос Тасов салтанатты шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, орталықтың қызметі жайында атап өтті.

«Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде тұрақты достық қарым-қатынасты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту – біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі», деді.
Жиында қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы М.Түнтеков жаңа ғимараттың жұмысына сәттілік жолдап, батасын берді. «Көзқарас» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі мүшелері көпшілікке өнерлерін ұсынды.
Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген игі шарада киіз үй тігіліп, көпшілікке ұлттық тағамдар ұсынылды.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімі, «Тең қоғам» бөлімі, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» бөлімі және «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мақсаты – зейнеткерлік жастағы адамдармен мүгедектігі бар адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасау. Өз-өзіне қызмет көрсету, белсенді қимыл-қозғалыс, белсенді өмір салтын сақтау және дамыту қабілетін сақтаған егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету және бос уақыттарын пайдалы өткізу.