Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы тағайындалды

0
1 702

Бүгінде Түркі кеңесі хатшылығының штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан.​


Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы тағайындалды

ERNUR.KZ. Шолпан-Атада өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) алтыншы отырысында ТМЫК мемлекет басшыларының шешімімен белгілі Қазақстан дипломаты Бағдад Әміреев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы болып тағайындалды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, Б. Әміреев тәжірибелі дипломат, Қазақстан СІМ жүйесінде әртүрлі қызметтер атқарды және Сауд Арабиясында (Оман, Бахрейн, Кувейт, және Біріккен Араб Әмірліктерінде міндетін қоса атқарды), Мысырда (Сирия, Ливан, Марокко, Иордания және Ливияда міндетін қоса атқарды), Түркияда (Албанияда міндетін қоса атқарды) Елші болып жұмыс істеді. Соңғы уақытта Қазақстанның Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Қазақ, орыс, араб, ағылшын, түрік және парсы тілдерін меңгерген.

«Б. Әміреев «Қазақстан және Сауд Арабиясы», «Парсы шығанағының монархиялары», «Шығыс пен Батыс: жаһанданудың сын-тегеуріндері», сондай-ақ түрік тіліндегі «Donemimizde Kazakistan Türkiye Ilişkileri ve Türk Dünyasi» (Қазақстан мен Түркияның қазіргі қатынастары және Түркі әлемі) и «Dogu ve Bati» (Шығыс пен Батыс) атты кітаптардың авторы», - делінген хабарладамада.

Естеріңізге сала кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзербайжан) өткен Түкітілдес мемлекеттердің 9-шы Саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта Кеңестің құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді.

Бүгінде Түркі кеңесі хатшылығының штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан.