Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықтарды 78 миллион теңгеге алдап кеткен

0
304

Ұйымдастырушыға іздеу жарияланған.


Түркиялық қылмыстық топ қазақстандықтарды 78 миллион теңгеге алдап кеткен

ERNUR.KZ. 50-ден астам қазақстанндық Түркияның ұйымдасқан қылмыстық тобына алданып қалған, деп жазады inbusiness.kz.

50-ден астам қазақстандық Түркиядан көлік сатып алғысы келіп, ақшаларын алаяқтарға беріп жіберген.

Қазақстан заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында алаяқтықпен күрес мәселелері қаралды.

Шара барысында онлайн платформалардан 500-ден астам алаяқтық жарнама жойылып, 57 қылмыстық кибертоп әшкереленгені белгілі болды.

"Қазақстандық көлік сату сайтында түркиялық топ жарнама жариялап, 52 азаматтан жоқ көліктер үшін 78 миллион теңге алдап кеткен", – делінген хабарламада.

Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қамауға алынғанын, ұйымдастырушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді.