Түрмеден шыққан семейлік бес күннен кейін қайта ұрлық жасады

0
1 333

Оның бұл бассыздығынан 44 жастағы тұрғын зардап шеккен.


Түрмеден шыққан семейлік бес күннен кейін қайта ұрлық жасады

ERNUR.KZ. Түрмеден босап шыққан Семей тұрғыны бес күннен кейін қайта ұрлық жасап, қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінен мәлім еткендей, «Пәтер» жедел-профилактикалық рейді кезінде үй ұрлығының бірнеше қылмысы ашылды.

«Семей қаласының Затон ауданы бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы ұрыны қолға түсірді. Тергеу барысында қарақшы бұрын бірнеше рет сотталып, осы жылдың 1 тамызында ғана абақтыдан босатылғаны анықталды», - делінген департаменттің дерегінде.

Оның бұл бассыздығынан 44 жастағы тұрғын зардап шеккен.

«7 тамызда «102» жедел нөміріне Семей қаласының 44 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Отбасымен Алакөлдегі демалысынан оралған үй иесі жатын бөлмедегі шкафтан 900 мың теңге көлемінде ақша ұрланғанын байқап, полицияға жүгінген. Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Семей қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысында отыр. Затон ауданы бойынша полиция бөлімінің жедел-тергеу қызметі күдіктінің осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді. Қылмысты мойындау туралы жауаптар алынды», - делінген ресми ақпаратта.