Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны өзге біреу тапсырып шыққан

0
1 937

Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған.


Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны өзге біреу тапсырып шыққан

фото ғаламтордан

Қазақстанға танымал әзілкештің қызының орнына ҰБТ тестін бөтен біреу тапсырған. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Заңгердің айтуынша, әзілкештің қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ тестін грантта оқитын студент тапсырған.

"Тұрсынбек бауырымнан көңілім қалды. Кеше ҰБТ/ЕНТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жолдаған источник - жеке өзім танитын 100% сенімді адам. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, т.б., мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазатын боламын.

13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”, - деп жазады заңгер.