"Тыңда!" Бозымбаев митинг кезінде неге былапыт сөз айтқанын түсіндірді

0
624

Бозымбаевтың сөзінше, "халық оны 100 пайыз кешірген".


ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистерге брифинг барысында 4 қаңтарда Талдықорғандағы алаңда неліктен былапыт сөз айтып жібергенін түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бозымбаевтың сөзінше, сол күні айтылған сөз барлық адамға арналмаған, аймақ басшысын арандатып жібергендерге айтылған сөз.

"Халық бір, бір жарым сағат көлемінде талаптарын айтты, ал мен сөйлей бастаған кезде бір-екі жігіт - арандатушылар айғайлай бастады. Мен ашуланып, біреуіне айғайлап жібердім", - дейді ол.

Облыс басшысы бірден микрофонды алып, халықтан кешірім сұрағанын айтады. Бозымбаевтың сөзінше, "халық оны 100 пайыз кешірген".

"Мен де неше түрлі сөз естідім. Сондықтан бұл жерден үлкен проблема шығарудың қажеті жоқ. Ол ісіме өкінбеймін. Бастысы 4 қаңтарда қантөгіс болмады. Мен сөйледім, айғайлап та алдым, маған да айғайлады, бәрін түсіндірдім, Мәдениет сарайына апарып техника бердім, олармен бір суды іштім, құшақтастық. Бастысы - ешкім полициямен жаға жыртыспады, қантөгіс болмады. Ал басқа нәрсеге назар аудармадым", - деді Бозымбаев.