Осы күнге дейін 85 мың түлек тестілеуден өткен.
иллюстрациялық фото ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. ҰБТ-да тестіленуші 85 мың түлектің 500-ге жуығының нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 мың тестіленушінің ішінен бес жүзінің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңарады!", - деп жазды Смағұлов Facebook-те.