​ҰБТ-ға өзгеріс енгізу: Мектеп мұғалімдерінің бос уақыты көбейеді

0
1 576

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгерістерді енгізуді ұсынып отыр.


​ҰБТ-ға өзгеріс енгізу: Мектеп мұғалімдерінің бос уақыты көбейеді

ERNUR.KZ.ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгерістерді енгізуді ұсынып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

"Бізге педагогтар мен ата-аналардың тарапынан жыл бойы ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Екінші, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату. Үшінші, мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде сынама, "пробный" тесттерін өткізбеу. Төртінші, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне - қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар",- деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, барлық ұсыныстар Тамыз конференциясында кеңінен талқыланады. Соның негізінде тиісті шешімдер қабылданады.