Үйінен шығып кеткен бес жасар қыз бір тәуліктен бері табылмай жатыр

0
583

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бала сөйлемейді.


Үйінен шығып кеткен бес жасар қыз бір тәуліктен бері табылмай жатыр
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мадинаны іздеу түні бойы жалғасты. Әзірге табылмай жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бала сөйлемейді. Таңертең 18 және 13 жастағы әпкелері ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткенге ұқсайды.

Бір сағат бұрын іздеуден келдім. Жергілікті тұрғындар, еріктілер қосылып, көптеген адам іздестіріп жатыр. Кішкентай қыз басқа балалар сияқты емес, ол шаршағанын, қарыны ашқанын, тоңғанын да сезбеуі мүмкін... сондықтан кез келген жерде отыруы немесе алысқа ұзап кетуі мүмкін", – деп жазады kostanay_news әлеуметтік желісінде іздеуге қатысушылардың бірі.