Үкімет 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдады

0
1 638

Қаулы жобаларын Үкімет мүшелері бірауыздан қолдағаннан кейін Асқар Мамин Қаржы министрлігіне Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырды.


Үкімет 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдады

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Үкіметі 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Президент бірқатар әлеуметтік шараларды қабылдады. Оларды іске асыру азаматтарға әлеуметтік проблемаларды шешіп қана қоймай өзінің материалдық жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазір біздің алдымызда тұрған міндет - оларды уақытында орындау үшін барлық ұйымдастырушылық және заңнамалық мәселелерді жылдам шешу", - деді Үкімет отырысын қорытындылаған Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, ол үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына қажетті қаражат көзделген.

"Баяндамаларда "Еңбек" бағдарламасына түзетулер енгізілетіндігі айтылды. Олар шағын кредиттер беруге, грант бөлу құралдарын кеңейтуге, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, қысқа мерзімді оқытуға бағытталған. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке және "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Үкімет қаулыларын дауыс беруге шығарамын",- деп атап өтті Премьер-Министр.

Қаулы жобаларын Үкімет мүшелері бірауыздан қолдағаннан кейін Асқар Мамин Қаржы министрлігіне Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ 26 маусымдағы Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығын іске асыру үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы таныстырылған болатын.