Үкімет әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті

0
546

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.


Үкімет әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті

ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті, деп жазады tengrinews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.