Үкімет басшысы даму қарқыны жоғары облыстарды атады

0
2 469

​Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы баяндалды.


Үкімет басшысы даму қарқыны жоғары облыстарды атады

ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары өңірлерді атады, деп жазады inbusiness.kz.

«Биыл қаңтар-ақпанда негізгі көрсеткіштер бойынша Алматы, Ақмола облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары болды. 5 көрсеткіш бойынша Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында өсім байқалды. 8 өңірде 4 көрсеткіш бойынша Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң динамика тіркелді»,– деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Асқар Мамин Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік-экономикалық даму жағынан ең төмен көрсеткіш тіркелгенін атап өтті.

«Министрліктер мен әкімдерге жұмысты жандандырып, тиісті шараларды қабылдау және міндеттерді нақтылауды тапсырамын»,– деді Премьер-министр.