Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген. Қазір өзендердің көпшілігінде су арнасынан асып кеткелі тұр. Өңірде 792 үй су астында қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Олжас Бектенов көлемі 15,8 млн м3 болатын Мағаджан бөгетін аралап көрді, онда қарғын су ағыны салдарынан Мағаджан су қоймасының бөгеті бұзылды.
Қызылту ауылынан 25 адам, Табантал қыстағынан 11 адам эвакуацияланды.
Сонымен қатар болжамдарға сәйкес, 5-11 сәуір аралығында облыстың барлық аумағында ауа температурасы айтарлықтай жылынуы мүмкін, қатты жауын-шашын күтілмейді.
Осыған байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауылдармен қатар, қайта су алып кету қаупі жоқ аймақтардағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін де қалпына келтіруге назар аударылды.
Мәселен, қазірдің өзінде 26 елді мекенде электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді.
Республикалық маңызы бар 9, облыстық маңызы бар – 3 жолда және 9 аудандық маңызы бар жолда судың тоқтауына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды.
Өңірде шығынды өтеу комиссиясы жұмыс істейді. Үш күн ішінде комиссияға материалдық шығындарды өтеу туралы 1623 өтініш түскен. Алгоритмге сәйкес, ТЖ орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде келтірілген шығынды өтеу туралы жергілікті әкімдіктерге өтініш беріледі.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар әкімдікке тиісті өтінішпен жүгіну арқылы бір реттік төлем ала алады.
Қорытынды бойынша Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды. Ақтөбе облысында барлығы 206 гидротехникалық құрылыс бар.