Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

0
513

Отырыс Үкімет құрамына алғаш кірген адамдардың ант қабылдау рәсімімен басталды.


Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес, Үкімет құрамына алғаш кірген адамдардың ант қабылдау рәсімін бастаймыз», - деді отырысты ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Осыдан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ант қабылдады

Өз кезегінде жаңа министрлер «Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін» деп салтанатты түрде ант берді.