Ұшақ Катовице әуежайына 14:19-да (Нұр-Сұлтан уақыты) қонатынын айтты.
ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтарды әкелу үшін Польшаға екінші ұшақ жіберілгенін мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.
Қазақстан азаматтарына жөнелтілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақытымен 10:13-те ұшты, – деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері ұшақ Катовице әуежайына 14:19-да (Нұр-Сұлтан уақыты) қонатынын айтты.
Еске салсақ, қазақстандықтар мінген алғашқы арнайы рейс Алматыға 28 ақпан күні түнде ұшып келген еді.
Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған келісімдер аясында қазақстандықтарға шекарадан визасыз және ПТР сынамасын тапсырмай өту қамтамасыз етілді.