"Үлкен қауіп төндіреді": Ғалымдар әлемде сәуір айынан бастап аптап ыстықтың орын алуына алаңдаулы

0
605

Азия елдерінде сәуірде бірнеше аптадан бері қалыптан тыс аптап ыстық болуда.


ERNUR.KZ. Ғалымдар соңғы сегіз жылда ғаламда тарихта болмаған ыстық орын алғанын айтып, дабыл қағуда. Тіпті болжам бойынша биыл температура былтырғыдан да жоғары болмақ, деп жазады stan.kz.

Тауларды кешенді дамытудың халықаралық орталығы (Icimod) жаһандық жылынудың Гиндукуш Гималай тау жотасына әсері туралы ерекше алаңдаушылық білдірді. Мұздықтардың көлемі бойынша бұл аймақ әлемде үшінші орында. Icimod мәліметінше, мұндағы жылыну әлемдік орташа деңгейден екі есе жылдам жүріп жатыр.

"Ең оптимистік сценарийде аймақ 2100 жылға қарай мұздықтардың үштен бірін жоғалтып алуымыз мүмкін. Таулы қауымдастықтарға, экожүйелерге және табиғатқа, сондай-ақ ағыстың төменгі жағында тұратын халықтың төрттен бір бөлігіне үлкен қауіп төндіреді. Азия бойынша біз көріп отырған аптап ыстық толқындар санының өсуі адамдардың әрекетінен болып отыр. Бұл аймақтардағы төтенше климаттық жағдайдың белгісіі", - деп ескертті Ицимод климат және экология маманы доктор Дипшиха Шарма.

Жаһандық деңгейде 2022 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жылдардың бірі болды. Ал соңғы сегіз жыл тарихта ең ыстық жылдар ретінде өтті. 2023 жылы Эль-Ниньо құбылысы температураның одан да жоғары көтерілуіне әкеліп соғады деп күтілуде. "Эль-Ниньо" – Эквадор, Перу және Чили жағалауларында мезгіл-мезгіл пайда болатын жылу ағысы.

Ал сәуір айындағы рекордтық температура Тайланд, Мьянма, Лаос және Вьетнамдағы, сондай-ақ Қытай мен Оңтүстік Азиядағы метеостанцияларда тіркелді.

Климатолог және метеоролог Максимилиано Эррераның айтуынша, Рангунның солтүстік-шығысында орналасқан Пегу қаласында температура 42,2 ° C-қа жеткен. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың мамыры мен 2019 жылдың сәуіріндегі рекордтарды қайталайды.

"Оңтүстік-Шығыс Азияда бірнеше апта бойы. Мұнда күн сайын рекордтар орнатылды", - деді Максимилиано Эррера.

Демалыс күндері Тайланд билігі Бангкок пен елдің басқа аймақтарының тұрғындарына қатты аптап ыстықтан қорғану үшін үйде болуға кеңес берді. 22 сәуірде елордада ауа температурасы 42°С-қа жетіп, жылу индексі (ылғалдылықты есепке алғанда адамның температураны қабылдауы) 54°С болған.

Бангладеш астанасы Даккада сәуір айының басында ауа температурасы 42°C-тан асып, соңғы 58 жылдағы ең ыстық күн тіркелген. Мұнда тіпті аптап ыстықтан Дакка жолдарындағы асфальт ери бастаған.