Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында қар көшкіні жүруі ықтимал

0
995

Қар басқан беткейлерге шықпаған жөн


Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында қар көшкіні жүруі ықтимал

ERNUR.KZ. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі ықтимал, деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық ТЖД мен "Қазселденқорғау" мекемесі 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

"Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс. Тауда қалып қалған туристер мен демалушылар болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз" - деп ескертті департаменттен.