Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0
365

Биыл Жоғары аудиторлық палата ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының тиімділігіне аудит жүргізді.


Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік аудиттен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ШЖҚ РМК әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Аудит шеңберінде Ұлттық аккредиттеу орталығы сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі бола отырып, жетекшілік ететін мемлекеттік орган бекіткен бағамен емес, дербес белгіленген бағалар бойынша бірқатар қызмет көрсеткені анықталды. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.

Агенттік Ұлттық аккредиттеу орталығында бақылау іс-шараларын өткізіп, Кәсіпкерлік кодекс талаптарының бұзылғанын растады. Нәтижесінде Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл белгіленген мерзімде ерікті түрде төленді.