​Ұлттық банк: Ресейге қарсы санкциялардан теңге әлсіреді

0
1 184

16 қазанда Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.


​Ұлттық банк: Ресейге қарсы санкциялардан теңге әлсіреді

ERNUR.KZ. Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторлардың әсерінен. 16 қазанда Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.

«Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторлардың әсерінен болды. Біріншіден, дамушы елдерде АҚШ доллары нығайып жатыр. Екіншіден, Ресейге қарсы тағы да санкцияны қатайту жөнінде мәлімдемелерден кейін. Осыдан кейін Ресей рублі жыл басынан бері 15 пайызға құлдырады. Ұлттық банк шектеу қоймайтын, еркін айырбас бағамы саясатын ұстануды жалғастырып келеді", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері айырбас нарығында теңге 11,3 пайызға төмендеді.

16 қазан күнгі теңгенің ресми бағамы 1 АҚШ доллар үшін 369,98 теңгені құрайды.


Дереккөз:centralasian.org/a/