Ұлттық білім академиясы: «Домбыра тартуды үйрену - бөлек пән емес»

0
725

Тамыз кеңесінде домбыра тарту курсы бойынша мәселе көтерілді.


Ұлттық білім академиясы: «Домбыра тартуды үйрену - бөлек пән емес»

ERNUR.KZ. 25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алайда, кейбір БАҚ-та бұл мәселе «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пән енгізілетіні туралы айтылған. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі «Домбыра тартуды үйрену» деген бөлек пән еместігін жариялады.

«Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 1-6 сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны. Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, 6-сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу», - деп жазды.