Ұлттық экономика министрінің жалақысы аталды

0
596

Мемлекеттік саяси қызметшілердің (министр, министрдің орынбасарлары) жалақысы соңғы рет 2014 жылы көтерілгені атап өтілді.


Ұлттық экономика министрінің жалақысы аталды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ведомство вице-министрінің жалақысы белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл ретте, заңның 10-бабына сәйкес, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі. Орташа еңбек өтіліне есептейтін болсақ, ұлттық экономика министріне жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде жалақы 896 мың теңге, вице-министрде 633 мың теңге болады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің (министр, министрдің орынбасарлары) жалақысы соңғы рет 2014 жылы көтерілгені атап өтілді.