Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы хабарлады

0
674

Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы хабарлады

Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.