Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қордай ауданына барды

0
783

Өңірге арнайы келген қоғам өкілдері этносаралық қарым-қатынасты нығайту үшін ұлтаралық келісімнің жаңа формуласын жасап шығаруды ұсынды.


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қордай ауданына барды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Жамбыл облысындағы Қордай ауданына барды. Олар Қаракемер мен МаСанЧи ауылдарының ақсақалдарымен кездесті, деп жазады 24.kz.

Жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, қордаланған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ жұртқа еліміздің Ата заңына құрметпен қарау бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі кепілі екендігін түсіндірді. Кеңес мүшелерінің айтуынша, қайғылы оқиғаның болуына әлеуметтік және заң алдындағы теңдіктің болмауы тікелей әсер еткен.

Өңірге арнайы келген қоғам өкілдері бірінші кезекте құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру қажет деп санайды. Сонымен қатар этносаралық қарым-қатынасты нығайту үшін ұлтаралық келісімнің жаңа формуласын жасап шығару керектігін ұсынды.

Ол үшін ең алдымен мемлекеттік тілге басымдық беріліп, қазақ тілі рухани келісімнің ең негізгі факторына айналуы тиіс екендігін айтты.