Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын ақшаға салық салынбайды

0
804

​Егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, жеке шотта жиналған ақшаны ала алмайды.


Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын ақшаға салық салынбайды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Ол бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылатынын атап өтті. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-і түсіп тұрады. Бүгінде министрліктің есебі бойынша жобаға 6,5 млн бала қатысады.
"Егер Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс мәнде қалыптасса, не болады? Біз осы мәселені де талқыладық. Сол себепті біз тек бір жылдың ғана кірісін алмаймыз. 18 жылдағы орташа жылдық табысты аламыз. Өйткені ол әрқашан оң мәнде қалыптасады. Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін алатын ақшаға салық салынбайды", - деді Қуантыров үкімет кулуарында.
Сондай-ақ егер қазақстандық бала азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың табысынан жиналған ақшасын ала алмайды. Оның шотындағы қаражат қалған балалар арасында қайта бөлінеді.
"Бала шетелге шыға алады. Егер ол азаматтығын өзгертпесе, ақша сол күйі сақталады. Егер басқа азаматтық алса, онда шотындағы қаржы оған берілмейді", - деп түсіндірді министр.