​Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2018 жылғы 1-тоқсанда 67 млрд теңге болды

0
1 398

Іс жүзінде 785 млрд теңге Ұлттық қордың 2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы нақты инвестициялық шығыны болып табылмайды.


​Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2018 жылғы 1-тоқсанда 67 млрд теңге болды

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорың басқару нәтижелері бойынша 2018 жылғы 1-тоқсанда инвестициялық кіріс шамамен 67 млрд теңге болды, ERNUR.KZ тілшісі Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы кезде кейбір БАҚ-та ҚР Ұлттық қорының 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта 785 млрд теңге мөлшеріндегі инвестициялық шығыны жөнінде ақпарат пайда болғанын атап өтеміз, делінген ақпараттық хабарламада.

Іс жүзінде 785 млрд теңге Ұлттық қордың 2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы нақты инвестициялық шығыны болып табылмайды. Бұл цифра бағамдық айырманы ескере отырып 2018 жылғы 1-тоқсанның соңындағы инвестициялық нәтижені білдіреді.

Қаржы министрлігі жариялайтын ҚР ҰҚ-тың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп ақпараттың алғашқы дереккөзі болып табылады. Бұл есеп ұлттық валютада жасалды және онда ҚР ҰҚ-тың кірістілігі есептелетін базалық валютадағы (АҚШ долларындағы) активтерді басқарудан түскен инвестициялық кіріс туралы ақпарат жоқ. 2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша басқару нәтижелері бойынша (-) 785 млрд теңге мөлшеріндегі шығын 67 млрд теңге мөлшеріндегі нақты инвестициялық кірістен және осы кезеңде теңге бағамын АҚШ долларына қатысты нығайтуға байланысты қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша (–) 852 млрд теңге теріс айырмадан тұратындығы атап өтілген.

Мәселен, АҚШ долларының бағамы 2018 жылғы 31 наурыздағы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тиісінше 318.31 теңге және 332.33 теңге болды. Қаржы министрлігі жариялайтын, кейбір БАҚ ҚРҰҚ-тың кірісі деп атайтын ҚР ҰҚ-тың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептегі 605 миллиард теңге кіріс болып табылмайтынын, ол 2018 жылғы 1-тоқсандағы теңгемен инвестициялық нәтижені ескере отырып, қорға 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы нетто түсімдерді көрсететінін де атап көрсетілген.