Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кет​ті

0
813

Дидар Смағұлов бұдан былай министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын қосымша алып жүрмек.


 Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кет​ті

фото: Дидар Смағұловтың жеке парақшасынан

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Дидар Смағұлов Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Мемлекетке қызметімді аяқтаймын! Достар, осымен ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры лауазымынан өз еркіммен кетемін! 7 жыл бойы мемлекеттік салада қалтқысыз қызмет еттім... енді басқа белестерді бағындырар уақыт келді! Кез-келген уақытта мені қолдауға дайын болған достарыма алғысым шексіз! Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлына Askhat Aimagambetov түрлі сынға қарамай, мені осы жауапты лауазымға тағайындап, сенім білдіргені үшін рақметімді айтамын! Халыққа адал қызмет ету мақсатында және сіздердің көңілдеріңізді қалдырмау үшін білімім мен машықтарымды Орталықтың игілігі жолында қолдануға тырыстым.Білім саласындағы басқа да жауапты басшылық лауазымдарды ұсынғаныңызды жоғары бағалаймын! Бірақ мен қызмет ету саламды сәл өзгерту қажет деп шештім. Иә, ҰБТ мен үшін аяқталған жоқ: осыдан кейінгі жұмысымды министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастыра бермекпін (қандай да бір төлемсіз). Достар, ҰБТ-ны бірге әділ етейік, - деп жазады Дидар Смағұлов.