Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары ұсталды

0
332

Министрлік бұл ақпаратты растады.


Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігіне қарасты ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Министрлік бұл ақпаратты растады. Бас қолбасшысының орынбасары "заңсыз әрекет жасағаны үшін" айыпталып отыр.
"Қазіргі кезде құзіретті органдар ішкі істер министрлігімен бірге тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда министрлік жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы екенін жеткізіп, заң бойынша ашық әрі жан-жақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.