Ұлы даладан Ұлыбританияға: Лондон төрінде Димаштың концерті өтті

0
1 354

Димаш «Дайдидау» әнін орындағанда Лондондағы көрермендердің үлкен шоғыры қосыла шырқаған


Ұлы даладан Ұлыбританияға: Лондон төрінде Димаштың концерті  өтті

ERNUR.KZ. Лондонда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәдени шараны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған болатын.

Аталмыш ведомствоның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай концерттен видео үзінділермен бөлісті. Шағын үзінділерде Димаштың Құрманғазы күйі «Адайды» шебер орындағанын, өз репертуарындағы және әйгілі француз әні «S.O.S» әнін шырқағанын көруге болады.

Айта кетерлігі, дәл осы «S.O.S» әні орындалған кезде сахнаның алып экранынан мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Теннің мұз айдынында өнер көрсеткен видеосы көрсетілген.

Тағы бір видеоүзіндіде Димаш орындаған «Дайдидау» әнін Лондондағы көрермендердің үлкен шоғыры бірге айтып тұрғанын көруге болады.

Осыдан төрт күн бұрын Димаш Құдайберген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде Лондонда орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болатынын айтқан еді. Одан бөлек, әншіні Британ астанасындағы әуежайда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері күтіп алғаны хабарланған болатын.