Ұлы Жібек жолы туристеріне бірыңғай виза берілуі мүмкін

0
1 539

​Дүниежүзілік туризм ұйымның «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасына қатысатын мемлекеттер туристер үшін бірыңғай виза енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ұлы Жібек жолы туристеріне бірыңғай виза берілуі мүмкін

Дүниежүзілік туризм ұйымның «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасына қатысатын мемлекеттер туристер үшін бірыңғай виза енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бастаманы барлық қатысушы елдер қолдап отыр. Олардың саны 30-дан асады. Ұлы Жібек жолы - ауқымды жоба, Еуразия құрлығының үлкен бөлігі. Оның аумағы шығыстағы Жапониядан Еуропаның шығысындағы Италияға дейін созылып жатыр. Шын мәнінде бұл бастама барлық елге қатысты, дегенмен бастапқыда бұл идеяны Орталық Азия елдері арасында іске асырып көргіміз келеді», - деді «Visit Uzbekistan» жобасының директоры Михаил Шамшидов Астана өтіп жатқан Қазақстан-Өзбекстан туристік форумында. М. Шамшидовтың айтуынша, туризм саласында Өзбекстан мен Қазақстан бір-біріне бәсекелес бола алмайды. Себебі, Өзбекстан - отырықшы ел ретінде туристерге көне қалаларын ұсынса, Қазақстан ежелгі көшпелі мәдениетімен ерекшеленбек. Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның туристер үшін ортақ виза шығаратыны хабарланған еді. «Kazakh Tourism» басшысы Рашид Күзембаевтың айтуынша, жыл соңына дейін бірыңғай виза енгізу жұмыстары нәтижесін береді. Алматы-Ташкент-Бұхара-Самарқан бағыты бойынша эконом-режімдегі саяхат шамамен 500 долларды құрамақ. «Алдағы уақытта Тәжікстан мен Қырғызстан да бұл бастамаға қосылуы мүмкін. Мұнда әкімшілік мәселелер жоқ, дегенмен сыртқы саяси және ұлттық қауіпсіздікке қатысты бірқатар күрделі мәселелер бар», - деп толықтырды сөзін Р. Күзембаев.