Қазіргі уақытта, ведомство хабарлағандай, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. 13 қазанда Дуылғалы өзенінің аймағында болғанда балықшылармен байланыс үзілген. Екі күннен кейін жоғалған балықшылардың туыстары Ұлытау облыстық ТЖД-дан көмек сұрады, деп жазады Zakon.kz.
Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, балық аулауға әуес 4 адам Сәтбаев қаласынан шығып, Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылы маңындағы Дуылғалы өзеніне кеткен.
"Шақыру келіп түскеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ТЖД қызметкерлері мен арнайы техника Жезқазғаннан оқиғаның болжамды ауданына (шамамен 190 км қашықтықтағы) қарай аттанды", - Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
10 қазанда Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған балықшылардың денелері табылды.