Ұлытау облысының шекарасы белгіленді

0
889

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұлытау облысының шекарасы белгіленді

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Құжат премьер-министрдің ресми интернет-ресурсында 14 қарашада жарияланған, бірақ қаулыда 2022 жылғы 26 қыркүйек көрсетілген.

Үкімет Ұлытау облысының құрамына Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18 миллион 893 мың 661 гектар болатын жерін беріп, Қарағанды облысының шекарасын өзгертуге қаулы етті.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 8 маусымда Қазақстан Президентінің жаңа облыстар – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлығы күшіне енді.