Үндістан Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

0
719

Бұл – ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз.


Үндістан Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

ERNUR.KZ. Ресейге салынған санкциялардың бір ұшы Қазақстанға да келіп тиді, деп жазады inbusiness.kz.

Үндістан билігі бүгін Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты. Шектеу көрші елдегі Urals пен ESPO өнімдеріне де қойылған. Үндістанның мұнай өңдеу зауыты бұны қауіп-қатердің алдын алу үшін жасағанын мәлімдеді.

Алпауыт компания мәскеулік кәсіпорындардың төлем қабілетіне күмән келтіріп, сақтандыру тәуекелдері басым екенін алға тартып отыр. Сондықтан трейдерлерге қазақстандық CPC Blend шикі мұнайын ұсынбауды сұраған.

Бұл – ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз. Себебі экспортталған қара алтынның 5 пайызы Үндістанға тиесілі. Өткен жылдың өзінде 3,2 млн тоннаға тең шикізат 1,5 млрд долларға саудаланыпты.