Төлемі 80 доллар тұратын кәдімгі электрондық туристік виза рұқсат берілгендер үшін бір жылдан 5 жылға дейін бірнеше рет сапар шегуге мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Үндістан үкіметі электрондық виза режимін ыңғайлы қылды және визалық салым көлемін азайтты, деп жазады baq.kz.
«Туристер үшін бір айға жарамды қысқа мерзімді электрондық виза енгізілді. Оның құны 25 доллар. Ал, маусымдық емес кезеңде (сәуір-маусым аралығында) туристер 25 доллар емес, 10 доллар ғана төлейді. Ал жылдық электрондық туристік виза 80 доллардан 40 долларға арзандады», - деді Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің баспасөзбен жұмыс жөніндегі маманы Ұлболсын Орақбаева.
Сонымен қатар, төлемі 80 доллар тұратын кәдімгі электрондық туристік виза бүгін рұқсат берілгендер үшін бір жылдан 5 жылға дейін бірнеше рет сапар шегуге мүмкін болып отыр.