Үш адамның өмірін қиған Алматыдағы көлік апаты: Жаңа аялдама салынады

0
653

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді.


Үш адамның өмірін қиған Алматыдағы көлік апаты: Жаңа аялдама салынады

ERNUR.KZ. 22 желтоқсанда Алматыда автобус аялдамаға соғылып, үш адам қаза тапқан еді. Қала әкімдігі кісі өлімі орын алған аялдама қалай өзгеретіні туралы айтты, деп жазады inform.kz.

Алматы қалалық әкімдігінен атап өткендей, қазіргі таңда Қалқаман ықшамауданы, Райымбек даңғылының бойында орналасқан №7 қалалық ауруханаға аялдамасына көлік торабын салу жобасы әзірленіп жатыр.

«Ол екі блоктан тұрады және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне қосылады. Жолаушыларға арналған екі отырғызу алаңы қарастырылған. Жоба 2022 жылдың ортасында қолға алынды, бүгінде жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ жоба қалалық және қалааралық автобустарды біріктіреді. Бұл жолаушыларға бір автобустан екіншісіне жылдам әрі ыңғайлы ауысуға мүмкіндік береді.

«Көлік торабында ақпараттық стендтер, кесте жазылған дисплейлер және көлік қозғалысы туралы жаңартылған ақпарат болады. Бұл жолаушыларға жылдам бағдарлауға және сапарларын жоспарлауға көмектеседі. Қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолдарын, велотұрақ пен қоғамдық орындарды ұйымдастыруға басты назар аударылады»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.

Сондай-ақ, Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кейін қалалық сот күдіктінің екі айға қамауға алынғанын мәлім етті.