Ол осы үш баланың бірі болып шықты.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Полиция Ғаламторда үш баланы сату туралы хабарлама жариялаған адамның кім екенін анықтады, деп жазады Zakon.kz.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, хабарлама авторы осы отбасның 10 жасар баласы екен, сонымен қатар бұл жерде оның да суреті бар. Жеткіншек осылай қалжыңдамақ болған көрінеді.
Полициядағылар жерлікті тұрғындардың хабарламаны көре салысымен өздеріне хабар бергенін айтып отыр. Қызметкерлер дереу шара қолданып, бала "сатылғалы" отырған отбасын тауып алған. Ал, ата-ана жеткіншектердің бұл тірлігінен мүлде хабарсыз болып шықты. Олармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Хабаралама өшірілді.