Үш қазақстандық Қытай азаматтары үшін суррогат ана болды

0
1 326

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.


Үш қазақстандық Қытай азаматтары үшін суррогат ана болды

ERNUR.KZ. Үш қазақстандық Қытай азаматтары үшін суррогат ана болды. Красноярскте жаңадан туған сәбилерді саудалау бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Tengrinews.kz.


"Алдын ала болжам бойынша, 2019 жылдың тамызында 32, 27 және 34 жастағы Қазақстан азаматшалары бір миллион рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Қытай азаматтарының баласын өмірге әкелу туралы келісім жасаған және 2020 жылдың сәуірінде Красноярсктегі медициналық мекемелердің бірінде екі ұл бала мен бір қызды өмірге алып келген. Олар баланы күтушіге қалдырып, өздері Қазақстанға кетіп қалған", - делінген хабарламада.


Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабының 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Балалар мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. Олардың биологиялық анасы мен әкесі тергеу үшін және зерттеу жұмыстарын салыстыру үшін биологиялық материал алу мақсатында іздестіріліп жатыр. Қымстық істі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.