Үш куәгер керек: министр құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

0
558

Айдарбек Сапаров малынан айырылған барлық отбасыға көмек беріледі деп сендірді.


Үш куәгер керек: министр құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқыны салдарынан қырылған, құжаты жоқ мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын айттын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр құжаты бар малдың шығыны бюджеттен өтелетінін атап өтті. Ал еш жерде тіркелмеген, қағаз құжаты жоқ малға өтемақы алу үшін 3 куәгер қажет.

«Олар – көршісі, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олар барлығын дәлелдейді. Содан кейін құжат толтырады да, қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен мал шығыны өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы шығынды демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары да жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Президенттің тапсырмасы бар. Барлық шығын өтеледі», - деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Министр 138 мың 800 бас мал су тасқынынан аман қалғанын айтты.

«Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринарлар, ТЖМ – барлығы бірігіп, осы жұмысты істеді. Өлген малдың саны – 9 761. Оның 98 пайызына утилизация жасалды. Бүгінде 4 801 бас малдың шығыны өтелді, 1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасады», деді ведомство басшысы.